Астанада қаламгер Қонысбай Әбілді еске алу кеші өтті
Бүгін Астанада қазақ поэзиясында өзіне тән қолтаңбасы бар қаламгер Қонысбай Әбілді еске алу кеші өтті.
Оның шығармашылық және өмірлік жолын жақындары еске алды. “Әй-Әй” ақын әлдиі” атты шараны қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. Басқарма басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, шарада ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды.