Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорғаныс министрі әскерде «Жауынгерлік дос» жүйесін енгізбек

Қорғаныс министрі әскерде «Жауынгерлік дос» жүйесін енгізбек

Қорғаныс министрі әскерлерде құқықтық тәртіпті, сондай-ақ әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар жүйесін күшейтуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев хабарлады.

«Қарулы күштерде құқық бұзушылықтарды тоқтату аясында көптеген шаралар қолданылады.

Мәселен, «Жауынгерлік дос» жүйесі, яғни, әрбір келген әскери қызметшінің қасында екінші жауынгерлік досы болады. Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру», - деді спикер.

Сонымен қатар сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Әрбір бөлімде ата-аналар чаттары құрылған. Құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында әрбір әскери қызметші жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен Сенім телефондары жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, қызметтік үй-жайлар, оның ішінде казарма орналасқан жер бейнекамералармен жабдықталған. Ол үшін штаттарға оператор лауазымдары енгізілген.