Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 2028 жылға дейін 42 су қоймасы салынбақ

Елімізде 2028 жылға дейін 42 су қоймасы салынбақ

Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жаңа су қоймалары салынып, қолданыстағы қоймалар жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.

«Алда тасқынның алдын алу мақсатында 2,6 млрд текше метр құрайтын 42 жаңа су қоймасы салынады. Жалпы көлемі 3,7 млрд текше метр болатын 37 су қоймасын қайта құру, сондай-ақ шамамен 14,5 мың шақырым ирригациялық каналдарды салу мен қайта құру жоспарланып отыр. Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген. Биыл Бәйдібек ата және Қарақуыс (Түркістан облысы) құрылысы және үш су қойманы Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Қапшағай (Түркістан облысы) және Киров (БҚО)) қайта салу басталды», - деді Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында.

Одан бөлек, министр Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп зақым келген объектілерді салуға, қайта жаңғыртуға және қорғау бөгеттерін нығайтуға бағытталған 56 жобаның барын айтты.

«34 гидротехникалық құрылыстарда «Қазсушар» филиалдары жөндеу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар Батыс Қазақстан (22 км) және Шығыс Қазақстан облыстарында (73 км) 95 шақырым каналды механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны кезеңіне дайындық тек гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және су қоймаларындағы бос сыйымдылықтарды босату арқылы ғана емес, су тасқынын басқарудың әлемдік тәжірибесі мен стратегияларын талдай отырып, министрлік барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігі, құқықтары мен өкілеттіктері айқындалған, су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу шаралары күшейтілген жаңа Су кодексінің жобасына түзетулер дайындалды», - дейді ведомство басшысы.


Дереккөз: inform.kz