Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпеуі мүмкін — министрлік түсініктеме берді

Жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпеуі мүмкін — министрлік түсініктеме берді

Қазақстанда жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірлеген болатын. Алайда бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұны қате жарияланды. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді.

«Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды. Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек ала алады. Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады», — деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева.


Дереккөз: inform.kz