АЭС қалай жұмыс істейді?
Отын ретінде негізінен байытылған уран пайдаланылады. Атом ядросы майда бөлшектерге ыдырағанда көп жылу бөледі. Сол жылумен су қайнатылады. Ол буға айналады. Бу турбиналарды айналдырады, ал турбиналар электр энергиясын өндіреді.
Бұдан да қысқа тұжырымдасақ: АЭС ядролық энергияны жылу энергиясына, жылу энергиясын механикалық энергияға, ал механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. Толығырақ
Фото: gov.kz