Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Аида Балаева: Радио әрдайым сенімді әрі жедел ақпарат көзі болды

Аида Балаева: Радио әрдайым сенімді әрі жедел ақпарат көзі болды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Радио қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Qazaq radiosy» ел халқының 91% - дан астамын қамтиды. Сонымен қатар, биыл Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының шекаралас аудандарында және Абай және Жетісу облыстарында 120 радио таратқышты пайдалануға беру жоспарлануда. Мәдениет және ақпарат министрлігі сенімді және жедел жаңалықтардың көзі ретінде еліміздің әрбір азаматының өмірінде радионы сақтау үшін әрдайым бар күш-жігерін салатын болады. Барлық радио қызметкерлеріне, барлық әріптестеріме шығармашылық табыс, сарқылмас еңбекқорлық және өз мамандығымда жаңа биіктер тілеймін! - деп тілек білдірді Аида Балаева.