ЕҰУ-де IV халықаралық Endowment форумы өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Эндаумент қорларын басқарудағы цифрландыру және технологиялық инновациялар» тақырыбында дәстүрлі IV Халықаралық эндаумент форумы өтті.
Форумның мақсаты – эндаумент қорларын басқарудағы цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін сарапшыларды, практиктер мен ғалымдарды біріктіру болды.
Форумның спикерлері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, шетелдік университеттер (University of Minnesota, University of Michigan, Izmir Katip Celebi University, МГИМО), сондай-ақ елдегі жетекші университеттердің өкілдері, Қазақстанның эндаументтері, эндаумент мәселелерін зерттейтін академиялық қоғамдастық – қорлар және т.б.
Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов өз құттықтауында бүгінгі форум Тәуелсіз Қазақстан алғаш рет Жоғары білім қызметкерлерінің күнін тойлап жатқан тарихи күнде өтіп жатқанын атап өтті.
«ЕҰУ-да өткен эндаументтердің бірінші форумында эндаумент-қорлар туралы заң жобасын әзірлеу туралы мәселелер талқыланды, ал бүгінде бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға енгізілді. Шетелде эндаументтер бұрыннан пайда болған. Осындай қорлардың арқасында көптеген ғылыми жаңалықтар шындыққа айналды. Заңның көмегімен ЖОО - ға тек мемлекет қана емес, сонымен қатар меценаттар, түлектер, қызметкерлер, ЖОО оқытушылары мен бей-жай қарамайтын тұлғалар да қолдау көрсетеді деп ойлаймыз», - деді Ерлан Сыдықов.
Форум барысында сарапшылардың қатысуымен шығармашылық сессиялар өткізілді, олар эндаумент қорларында қаражат жинаудың заманауи технологияларымен, эндаументтермен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ қорды басқарудың цифрлық шешімдерін енгізу туралы айтылды.