Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алтын бағасы қымбаттады

Алтын бағасы қымбаттады

Алтынның бағасы рекордтарды күн сайын жаңартып жатыр. Унциясының бағасы 2 700 доллардан асып кетті. Сарапшылардың  айтуынша бұған өте көп жағдай әсер етеді.

  • Геополитикалық ахуалдың тұрақсыздығы. Мәселен Ресей мен Украина қақтығысында 2022 жылы ақпан мен наурыз айында унция бағасы 15%-ға өскен еді. Қазіргі жағдайда Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Израиль мен ХАМАС қақтығысы әсер етіп отыр.
  • Орталық банктердің алтынға деген сұранысының артуы. Барлығы валюта резервтерінде алтын қорын көбейтіп жатыр. Мәселен 2000 жылы әлемдік резервте доллардың үлесі 60% болса, 2023-те 48%-ға жеткен.
  • Қытай, Үндістан, Түркия елдері алтынды көптеп сатып алып жатыр. Әсіресе Қытай. 2023 жылы 225 тонна алтынды резервіне қосты.
  • Сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы. 2023-те сұраныс 3%-ға өссе, ұсыныс 1%-ға ғана өсті.
  • АҚШ-тағы саяси ахуал. Президент сайлауы. ФРС-тың пайыздық мөлшерлемесінің құбылуы.


Бұл жағдайда алтын тек қымбаттай береді деген сөз жоқ. Мысалы 1980 жылы орташа унцияның бағасы 612 доллар болса, 2001 жылы 271 доллар еді. Бірақ 2001-ден бері жыл сайын қымбаттап келеді.


фото: baq.kz