Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде мектепте оқушыларының 80%-ның көзі нашар көреді

Елімізде мектепте оқушыларының 80%-ның көзі нашар көреді

Қазір мектептегі балалардың 70-80 пайызының көру қабілеті нашар. Қазақстандық офтальмологтар осылай дейді.

Олардың айтуынша, қазір ата-аналар балаларын алдыңғы парталарға отырғызуға тырысады. Өйткені перзенттерінің көзі нашар көреді. Мамандар бұл гаджедтердің әсерінен болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар электронды құрылғыларға әуес.

Осының салдарынан көбінде миопия және амблиопия сырқаттары пайда болады. Бұл – көз кемістігі, затты көзге тақап ұстаудан пайда болады. Айта кету керек, баланың көру қабілеті туғаннан бастап 6-7 жасқа дейін дамиды. Сондықтан осы уақытта баланың денсаулығына мұқият мән берген жөн.


Фото: aikyn.kz