Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтты
Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев осылай деді.
Ол Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын, оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі екенін хабарлады. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады.
Вице-министр бидайдың Қытайға экспорты айтарлықтай артып, 2023 жылы 538,8 мың тоннаға жеткенін атап өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық.
«Бұл Қытай мен Азия елдеріне 1,6 млн тоннаға дейін бидай жеткізу мүмкіндігін көрсетеді. Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды», — деп қосты Қайрат Төребаев.
Фото: inbusiness.kz