Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді

Су министрлігі Францияның даму агенттігімен (AFD) және геологиялық, тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Ведомство аталған ұйымдармен бірлесіп Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.
Француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ, су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытып отыр.
Фото: ernur.kz