Қытайда ұшатын көлік шығаратын зауыттың құрылысы басталды
XPeng Қытайдың Гуанчжоу қаласында ұшатын көлікті зерттеу, дамыту және өндіру орталығының құрылысын бастады.
Жаңа өндіріс орны 180 шаршы метрді алып жатыр және төрт шеберхана, сонымен қатар сырлау және жалпы жиналыс бөлмелері болады.
Болашақта кәсіпорын жылына 10 мың автокөлік жасап шығаруды жоспарлап отыр.
Ұшатын көлікке алдын ала тапсырыс беруге болады. Сериялық өндіріс 2026 жылы басталады.
Дереккөз: qazaqstan.tv