Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада Елдос Тоқтарбайдың “Тау құсы” атты кітабының тұсауы кесілді

Астанада Елдос Тоқтарбайдың “Тау құсы” атты кітабының тұсауы кесілді

Бүгін белгілі балалар жазушысы Елдос Тоқтарбайдың “Тау құсы” атты кітабының тұсауы кесілді.  

Автор өз еңбегіндегі “Айтыс” , “Көзімді құртпайын” тәрізді әңгімелерінде смартфонды шектен  тыс пайдаланудың зардабы жайлы байыптап баяндайды. Жазушының сөзінше, әлемде белең алған “цифрлық аутизммен" күрес таным көкжиегін кеңейтумен тікелей байланысты. Бүлдіршіндердің болашағына алаңдаулы азамат осы еңбегі арқылы кітап оқуды “кішкентай достарына” насихаттайды. Атаулы жиын Астана қаласының №3 балалар кітапханасында өтті. Шараға жазушы Жанат Елшібек, Бижан Құрманғалиева, алаштанушы Данияр Ихсан және  жас оқырмандардан №14 мектеп гимназиясының оқушылары қатысты.