Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
– Біз 2029 жылға қарай шетелден қосымша 150 млрд доллар тікелей инвестиция тартамыз деген өршіл мақсат қойдық. Бұл міндетті іске асыру үшін Үкімет жанындағы Инвестициялық штабқа туындаған проблемаларды жедел шеше алатын құзырет берілді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еліміздің минералды-шикізат қоры мол. Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы алты жылда геологиялық барлауға 1 млрд доллардан астам жеке инвестиция тартқан. Қазір еліміздегі 1,6 млн шаршы шақырымға жуық аумаққа геологиялық зерттеу жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға болады.
– Жақында қабылданған 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары жергілікті өндірушілерге тың мүмкіндік ұсынады. Жалпы сомасы 86 млрд доллардан асатын 200-ге жуық ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ. Үкімет жергілікті өндірушілерден офтейк-келісімшарттар арқылы сатып алуға арналған тауарлар тізімін жасақтап жатыр. Өнеркәсіп өркендеуі үшін жоғары білікті жұмысшылар қажет. Біз Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамытуға ниетті инвесторларды іздейміз, – деді Президент.
📺@qazaqstantv