2025 жылдан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі тек электронды түрде беріледі
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге беріледі.
Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- 075 / е «Медициналық анықтама»
- 026 / е «ДКК қорытындысы»
- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»
- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».
Фото: baq.kz