Қазақстан Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдер нәтижесінде 11 млрд текше метр су алады
Орталық Азия елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді.
Министр Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысына еліміздің атынан қатысты. Отырыс Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтті. Кездесуге Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты. Ал Қырғызстан елінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.
Нәтижесінде, 1 сәуірге дейін еліміздегі Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді.
Фото: tengri.kz