Жақында жаңа «Су кодексі» қабылданады
Бүгін ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазақ» радиосының «Мінбер» хабарына арнайы қонақ болып, саладағы қордаланған мәселелер мен оларды шешу жолдары, Мәжіліс талқысына түсетін жаңа Су Кодексі, 2024-2028 жж.арналған кешенді шаралар және т.б. мәселелер туралы сұқбат берді.
Министрдің айтуынша, Су Кодексі жобасы Мәжіліс қарауында, алдағы екі апта көлемінде жалпы отырыста талқыланады. Сондай-ақ гидронысандарға қатысты республика көлемінде жүргізілген ревизия барысында 13 мың нысан бары анықталған. Оның 70 пайызы мемлекет балансында. Қараусыз, иесіз қалған нысандар мемлекет қарауына алынады. Қазір су саласын дамытуға қатысты инвесторлармен жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек, ауылшаруашылығында суды пайдалану бойынша сараланған тариф енгізіледі. Енді шаруалар төлемді суды тұтыну көлемі бойынша жасайды.
- «Көп тұтынсаң, көбірек төле» қағидасы су ресурсына деген көзқарасты өзгертіп, суды пайдалану мәдениетін қалыптастыруы тиіс. Өйткені су тапшылығы тек Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азияның ортақ бас ауруына айналғанына біраз уақыт болды, - дейді министр.
Сұқбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша тыңдауға болады.