Банкаралық QR төлемдерінің пилоттық жобасы іске қосылды
Енді QR төлемдері арқылы барлық банктің төлемін бір құрал арқылы төлеуге мүмкіндік болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан қазақстандық қаржыгерлер конгресінде мәлім болды.
Атап айтқанда, банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне әртүрлі банктердің бірнеше терминалдарын орнату құнын төмендетуге, ал азаматтарға QR-код арқылы елдегі кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: baq.kz