Ұлттық банк келесі жылы цифрлық монетаны іске қосады
Келесі жылы «Цифрлық инвестициялық монета» жобасы AIX форматында «Tabys» мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.
Инвестициялық монетаны әлемнің кез келген жерінен онлайн сатып алуға және сатуға болады. Оның құны Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы белгілеген бағамен анықталады.
Жобаға жаңа дизайндағы 999 сынамалы ÚKI монетасы әзірленді. Оның номиналы 100 теңге, салмағы 31,1 грамм.