Үкімет шаруалардан 10 млрд теңгеге астықты сатып алмақшы
Үкімет шаруалардан 10 млрд теңгеге астықты сатып алмақшы. Бүгін сатып алу құны жарияланады. Қаражат Үкімет резервінен алынады. Бұл бірінші жолға. Кейін тағы да бөлінбек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
Жұма күні Президент жиналған өнімді сақтап және нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырған.
Еске салайық, биыл күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Фото: mtrk.kz