Енді халықаралық олимпиада жеңімпаздары «Болашақ»-пен білім ала алады
Мәжіліс осыған қатысты заң нормасын қабылдады. Депутаттар бұл маңызды түзету деп отыр. Өйткені бұған дейін «Болашақ» тек магистратура және докторантура деңгейіндегі оқуды қаржыландыратын.
“Әлемдік жетекші университеттер бұл талантты балаларға бірден бакалавриатқа гранттар ұсынатын, сол себепті олар шетелге кетіп қалатын. Сол кезеңде біз оларға дәл осындай қолдау көрсете алмадық, сондықтан оларды жиі жоғалтып отырдық. Көпшілігі шетелде оқумен қатар, сол жақта тұрақтап қалып жатты.
Осындай балаларға мемлекеттік бюджет есебінен грант беру – маңызды қадам.
Сәйкесінше, енді «Болашақ» бағдарламасы ең дарынды оқушылар үшін бакалавриаттан бастап қолжетімді болады. Бұл – жас таланттарды қолдап, оларды елде ұстауға мүмкіндік беретін маңызды жаңашылдық. Олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, кейін елге оралып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосады”, - деді депутат Асхат Аймағамбетов.
Дереккөз: inbusiness.kz