Келесі жылдан бастап субсидияның орнына шаруаларға 5% несие беріле бастайды
Президент тапсырмасынан соң, Үкімет субсидиядан арылудың алғашқы қадамдарын жасауға кірісті. Вице-премьер Серік Жұманғариннің сөзінше, келесі жылы банктер шаруаларға 5 пайызбен жеңілдетілген несие бере бастайды.
Ауыл шаруашылығы саласында субсидия мәселесі жылда туындайды. 10 жыл бұрын 100 млрд теңге бағытталса, биыл 453 млрд теңге бөлінді. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық сомма. "Сонда да проблема бітер емес",- деді вице-премьер.
«Келесі жылдан бастап, қаржылық субсидия бермейміз. Кеше президент тапсырма берді. Фермерлерге берілетін несие 5 пайыздан астам болмасын деп. Енді оны алдын ала айтып не істейін. Ертең үкіметтің отырысы болады. Бүкіл шаралар қабылданады. Бізде қазір шешімдер бар», - деді Жұманғарин.
Фото: massaget.kz