Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады

Қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады

Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінде, яғни 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 миллион қазақстандық (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) табысы туралы есеп беруі тиіс еді.

Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мына тұлғалар үшін декларацияны қалдыруды ұсынды:

- мемлекеттік қызметшілер;
- коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері барларға және 1 жыл ішінде сатып алғандарға;
- бір жыл ішінде құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (74 млн. теңге) астам сатып алулар жасағандарға;
- өз бетінше салық салынатын табыс тапқандарға.


Фото: astanatv.kz