Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыс тіркелді - ІІМ

Биыл адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыс тіркелді - ІІМ

Жылдың басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді. Бұл туралы елордада адам саудасына қарсы іс-қимыл тақырыбына арған жиында ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева мәлім етті.

«Бұл санатта ұйымдасқан топтар әрекетінің жолын кесіп, зардап шеккендер анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады. Жылдың басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 116-бап бойынша 22 іс, адам ұрлау – бір іс, заңсыз бас бостандығынан айыру – 4 іс, адам саудасы – 17 іс , кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту – 15 іс, кәмелетке толмағандарды саудалау – 6 іс, адамдарды жезөкшелікке мәжбүрлеу – 13 іс, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға притондар ұйымдастыру – 119 іс», - деді Ш.Көшербаева.

Оның айтуынша, халықаралық баяндамалардың бағамдауы бойынша Қазақстан осы қылмыстарға жол бермеу бағытында айтарлықтай күш салып жатыр.

«Алайда адам саудасы қылмыстары әлі де таралып жатыр. Іс жүзінде секс құлдыққа және мәжбүрлеп жұмысқа салу, нәрестелерді саудалау, адам ағзасын сату, қайыр тілеуге мәжбүрлеу сияқты қылмыстарды анықтап жатамыз», - деді ведомство өкілі.


Дереккөз: inform.kz

Фото: orda.kz