Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуында Димаштың жаңа бейнебаяны таныстырылды

Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуында Димаштың жаңа бейнебаяны таныстырылды

Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған форумға қатысушылар Димаш Құдайбергеннің «Киелі мекенім» әніне арналған жаңа клипін бірінші болып тамашалады. Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.

 «Киелі мекенім» жаңа бейнебаяны Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.

«Димашқа елімізді шетелде дәріптеуге қосып жүрген баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Ол туризмнің алғашқы елшісі болып, шетелдік аудиторияны Қазақстанға келуге шақырады. Миллиондаған тыңдаушылар Димаштың шығармашылығы арқылы біздің елмен кеңінен танысады. Жаңа бейнебаян - Қазақстанның әдемі табиғаты мен бай мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетуге деген ортақ ұмтылысымыздың нәтижесі. Ілемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бірегей локациялардан шабыт алатынына сенімдіміз»,- деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Сәдуақасов.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash