Қазақстанда барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асты
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында соңғы 30 жылда Қазақстанда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының өсуі байқалғанын хабарлады.
Ол Қазақстанның минералдық-шикізат базасында 987 пайдалы қазба бар екенін және оларды барлау қарқыны арта беретінін атап өтті.
«Алтынның орнын толтыру коэффициенті – 1,2. Бұл алтынның барланған қорының көлемі алтын өндірудің көлемінен көп екенін көрсетеді. Мыс бойынша коэффициент – 0,7. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар перспективалы мыс кеніштерін барлауды белсенді түрде жүргізіп жатыр», - деді Қанат Шарлапаев.
Фото: inbusiness.kz