Елдегі пошташылар орташа 160 мың теңге жалақы алады
«Қазпошта» төрағасы Әсел Жанасованың сөзіне сенсек, халық аз тұратын ауылдарда аптасына немесе айына 2 хат қана келуі мүмкін. Сол себептен ол жердегі пошташылар аптасына екі сағаттан жұмыс істейтін көрінеді. Тиісінше олар алатын жалақы да төмен.
Ал Әсел Жанасованың өзі айына 1,2 млн теңге жалақы алады. Сөзінше, биыл жаңа жылға орай ешқандай сыйақы мен бонус алмайды. Себебі «Қазпоштаның» дағдарысқа қарсы бес жылдық жоспары бар.
Фото: primeminister.kz