Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мейірбек Сұлтанхан «Алтын домбыра-2024» иегері атанды

Мейірбек Сұлтанхан «Алтын домбыра-2024» иегері атанды

«AMANAT» партиясының қолдауымен Тәуелсіздік күні қарсаңында қанат жайған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі дода биыл «Төрлет, еңбек адамы» тақырыбында өтті.

Екі күнге созылған жыр аламанында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан иеленді. Оған «Алтын домбыра» және автокөлік табысталды.

Жүлделі 1-орын және «Айтыс ақтаңгері» атағы ақтөбелік Нұрбол Жауынбаевқа, 2-орын жетісулық Айым Асылбекқызына бұйырды. 3-орынды қарағандылық Дидар Қамиев, павлодарлық Аспанбек Шұғатаев және ұлытаулық  Өміржан Көпбосын өзара бөлісті.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусинаға «Көрермен көзайымы» жүлдесі мен «Айтыс ақтаңгері» атағы беріліп, темір тұлпардың кілті табысталды. Ал арнайы жүлдені алматылық Қазірет Бердіхан және Шұғайып Сезімхан, шымкенттік Біржан Байтуов, астаналық Әсем Ережеқызы иеленді.