Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынады

Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынады

Бүгін Мәжіліс аталған шаһарға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын мақұлдады. Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров маңызды құжатты әзірлеген кезде Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты елдердің тәжірибесі негізге алынғанын айтты.


Заң жобасының негізгі жаңашылдықтары мынадай:

  • Түркістанда археология ескерткіштерінің резерватын құру;
  • Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлердің шығындарын ішінара бюджеттен өтеу;
  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау.
  • Кесенеге іргелес жатқан 100 метрлік қашықтықта, биіктігі 7 метрден асатын, ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін объектілер салуға жол берілмейді.
  • Қала әкімдігіне кесене айналасындағы құрылыс стандарттарын белгілеу құзіреті берілмек.


Фото: inbusiness.kz