Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығының құрылымы және қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, екі ел орталық алаңында инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақтастық орната алады.

Бүгінде АХҚО арқылы тартылған инвестиция көлемі 14 миллиард долларды құраған. Оның 6,7 миллиард доллары – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар. Орталықта әлемдегі 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар.