Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қытай компаниясы келер жылы елімізде бидай өңдейтін зауыт салады

Қытай компаниясы келер жылы елімізде бидай өңдейтін зауыт салады

Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді.

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ көмір химиясы мен машина жасау салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.


Қытайлық көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патенттің иегері саналады және озық цифрлық технологияларды пайдаланады. Ақмола облысында бидайды тереңдете өңдеу бойынша тігінен кіріктірілген өнеркәсіптік парк құрылысының жаңа инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде инвестиция көлемі $500-800 млн-ды құраса, жобаны іске асырудың екінші және үшінші кезеңдері тағы $1 млрд-қа бағалануда. Алғашқы кезеңде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін өсу перспективасымен 1 млн тоннаны құрайды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Жобада көмір жылу электр стансасы мен көмір химиясы кешенінің құрылысы да қарастырылған. Көмірді қайта өңдеу нәтижесінде жылына 150-400 мың тонна сұйық аммиак алынады деп күтілуде.


Дереккөз: inbusiness.kz