Алдағы 5 жылда елімізде 4 мың шақырым жол салу жоспарланып отыр
Алдағы 5 жылда елімізде 4 мың шақырым жол салу жоспарланып отыр. Оған 8 трлн теңге қажет. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Министрдің айтуынша 2029 жылға қарай транзиттік тасымал өседі.
"2029 жылға қарай көліктік инфрақұрылымның дамуы есебінен транзиттік тасымал айтарлықтай өседі деген болжам бар. Атап айтқанда, теміржол тасымалы бойынша транзиттік тасымалдарды 65%-ға ұлғайту, контейнерлік тасымалдарды 54%-ға арттырып, 2 млн контейнерге жеткізіледі деген болжам бар", - деді Марат Қарабаев.
Фото: qazaqstan.tv