Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұшақ апатын тергеу Қазақстан құзыретінде болады — Қанат Бозымбаев

Ұшақ апатын тергеу Қазақстан құзыретінде болады — Қанат Бозымбаев

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу жұмыстары Қазақстан юрисдикциясында екенін және Бас прокурордың қатаң бақылауында болатынын айтты.

— Барлық тергеу Қазақстан Республикасының юрисдикциясында болады. Әуе апаты Қазақстан Республикасында болды, барлық тергеу Бас Прокурордың қатаң бақылауында. Бұл туралы Мемлекет Басшысы тиісті тапсырмалар берді, — деді Қ. Бозымбаев Ақтау қаласында өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі — «Көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу, адамдардың өліміне әкелу» бабы бойынша жүргізілуде.
Оқиға орнында тергеушілер, криминалистер және авиация саласының мамандары жұмыс істеп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, қажетті сараптамалар тағайындалуда.


Дереккөз: inform.kz