Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады.
Құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты.
Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.