Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ШҚО-да үлескерлердің 1,8 млрд теңгесі жымқырылған

ШҚО-да үлескерлердің 1,8 млрд теңгесі жымқырылған

Құрылыс компаниясының топ менеджерлері көппәтерлі тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 102 азаматты алдап, 1,8 млрд теңгені жымқырған.

Олар жалған келісімшарттар жасағаны анықталды. Іс жүзінде тұрғын үй кешенінің  тапсыру мерзімі бірнеше мәрте ұзартылғанмен, құрылыс аяқталмаған.

Компания заң талаптарын бұзған және үлескерлер қаржысын тартуға рұқсат құжаты болмаған.

Екі күдікті сот санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Қазір зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтару қолға алынды.


Фото: baq.kz