Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірді

Мемлекет басшысы жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірді

Президент Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барғанда осылай мәлімдеді. Аталмыш студенттер мен магистранттар және докторанттарға арналған 2 656 орындық жаңа жатақхана мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған.

Ол үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсысы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған.

Ғылым және жоғары білім министрі Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру шаралары жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, білім беру саласындағы және жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екеніне назар аударды.

Сондай-ақ жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірді.

– Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.