Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылып жатыр

Қазақстанда 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылып жатыр

Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны «Qoldau.kz» платформасында және «CargoRuqsat» мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуының алдын алуға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.

Фото: inform.kz