Туринде XXХII Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтті
Қазақстан құрамасы XXХII Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Қазақстан құрамасы көк түсті формада алаң төрінен жүріп өтті.
Еліміздің туын ұстаушылар хоккейші Абылайхан Сүлейменов және фристайлшы Аяулым Әмренова ұлттық үлгідегі киіммен алаңға шықты.
Туриндегі байрақты бәсекеге елімізден спорттың 11 түрінен 103 спортшы қатысады.
Фото: sports.kz