Параны уәде ету мен ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасының негізгі бастамасы – пара беруді талап еткені, уәде бергені немесе ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 678-бабының жаңа редакциясы бойынша оған көп мөлшердегі айыппұл қарастырылған.
Айыппұл сыйақы мөлшерінің 30-дан 60 еселенген мөлшерінде болады.
Фото: azh.kz