Израиль мен «Хамас» Газа секторында соғысты тоқтатуға келісті
Мәміле 19 қаңтарда күшіне енеді. Бұл ақпаратты Қатардың премьер-министрі растады, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Атысты тоқтату келісімі үш кезеңнен тұрады. Израиль әскері біртіндеп Газа секторынан шығады, анклавқа күн сайын гуманитарлық көмек тасыған жүздеген жүк көлігі кіргізіледі.
«Би-Би-Си»-дің мәліметінше, бұл кезеңде «Хамас» кепілдегі 94 адамның 33-ін бостандыққа шығарады. Екінші кезеңде тараптар соғысты толық аяқтауға бағытталған қадамдарды талқылайды.
Фото: orda.kz