Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық қор қаражатын пайдалануға шектеу қойылады

Ұлттық қор қаражатын пайдалануға шектеу қойылады

Тимур Сүлейменов Үкімет Ұлттық банктің бұл ұсынысмен келіскенін жеткізді. Енді трансферт көлемі заңмен бекітілмек. Ереже нысаналы да, кепілдендірілген трансферттерге қолданылады. Әзірге нақты шегі белгіленбеген.

«Нысаналы трансфертті кез келген жобаға бөле беруге болмайды. Бұл әлеуметтік-экономкалық әсері үлкен, ұлттық деңгейдегі жоба болуы шарт. Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен осы бюджет ережелерінің кепілдендірілген трансфертке ғана емес, Ұлттық қордан алынатын бүкіл қаржыға қатысты қолдану мәселесін талқылап келісімге келдік»,
– деді Сүлейменов.

Сүлейменовтің айтуынша, нысаналы трансферт шегі қаңтар айының соңына дейін нақтыланады.

Десе де 2025 жылы Үкімет Ұлттық қордан 5,3 трлн теңге қаржы алуды жоспарлап отыр. Оның 2 трлн теңгесі кепілдендірілген трансферт болса, 3,3 трлн теңгесі – нысаналы трансферт болмақ.

2024 жылдың 12 айында Ұлттық қорға жалпы 8,8 трлн теңге түскен. Алайда қордан былтыр 5,6 трлн теңге республикалық бюджетке аударылды. 2024 жылдың 1 қаңтарында қорда 29,8 трлн теңге қаржы болса, қазір 33 трлн теңгеден сәл ғана асады. Яғни бір жылда қордағы қаржы бар-жоғы 3 трлн теңгеге өскен.


Фото: turkystan.kz