Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғады.
Спортшыларымыз ширек финалда Сауд Арабиясы (45:36), жартылай финалда Қытай (45:25), шешуші кезеңде Франция құрамасымен кездесіп, 44:43 есебімен жеңіске жетті.
Ал қыздар құрамасы 4-орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева болды.
Фото: zakon.kz