Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде дәрі-дәрмек 30%-ға дейін арзандайды

Елімізде дәрі-дәрмек 30%-ға дейін арзандайды

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізіп жатыр. Нәтижесінде, шектік баға саясатында өзгерістер болмақ.

Вице-министр Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, тегін медициналық көмектің, МӘМС арқылы ем қабылдап жатқан науқастарға арналған дәрілердің шекті құны төмендейді. Сондай-ақ, түпнұсқамен сапасы бірдей препараттардың балама түрлері де 30%-ға арзандайды.

«Дәрі-дәрмек құнын төмендету құралы ретінде олардың бағасына бұрын енгізілген қосымша шығындарды алып тастау қарастырылған. Бұл маркетинг шығыны, тасымалдау шығыны және сапаны бағалауға арналған шығындар. МӘМС шеңберінде олар 20%-ға дейін, көтерме саудада - 25%-ға дейін, ал  бөлшек сауда үшін 30%-ға дейін төмендетіледі», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ержан Нұрлыбаев.


Фото: aikyn.kz