Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде Қазақ тілінің ұлттық корпусы құрылады

Елімізде Қазақ тілінің ұлттық корпусы құрылады

Сенат осыған қатысты құжатты мақұлдады. Заңға сәйкес, қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйесі құрылып, ұлттық сөздік қоры әзірленеді.

Бұл жүйеде қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларының мәтіндері қамтылады. Сол платформада ақпараттық-анықтамалық ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру көзделген.

Бұл шаралар негізінде мәтіндерді өңдеп, генерациялайтын, талдау жүргізетін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорын қолжетімді ететін ауқымды тіл моделі қалыптасады.

«Бұл түзетулер, қазақ тілін мәдени құндылық ретінде әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді, мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін нығайтады», – деді сенатор Алтынбек Нұхұлы.


Фото: ulysmedia.kz