Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

25 қаңтардан бастап пойыздарда интернет қосылады

25 қаңтардан бастап пойыздарда интернет қосылады

Ертеңнен бастап заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда интернет қосылатын болды. Бұл қызмет әзірге №3/4 «Астана-Алматы» пойызында қолжетімді.

«Пилоттық жоба шеңберінде енді жолаушыларға WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және видео көруге мүмкіндік береді. Алайда файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, билетті жылдам тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғысы, вагондағы жағдайды бақылау үшін бейнебақылау жүйесі сынды бірқатар заманауи технологияны сынақтан өткізу көзделіп отыр.


Фото: inbusiness.kz