Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақтаудағы ұшақ апаты: Келесі аптада тергеудің алдын ала есебі жарияланады

Ақтаудағы ұшақ апаты: Келесі аптада тергеудің алдын ала есебі жарияланады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында айтты.

«Ұшақ апатында қаза тапқан азаматтардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жоспар бойынша 5 млн-нан төленуі тиіс болған. Жерлеу рәсімі мен мәйітті тасымалдау жұмысы әкімдерге жүктелді. Алдағы аптада демеушілердің есебінен тағы да көмек көрсетіледі. Зерттеу жұмысына келсек, қазір қарқынды жүріп жатыр. ИКАО-ның талабына сәйкес, бір айдың ішінде тергеудің алдын ала қорытындысы жариялануы керек. Келесі аптада Көлік министрлігі тиісті ақпаратты жариялайды», - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда «Баку – Грозный» бағыты бойынша рейсті орындаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын.


Фото: malim.kz