Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Тимур Сүлейменов Президентке Ұлттық банктің былтырғы ақша-кредит саясатының қорытындыларын және 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспарын баяндады:

🔹Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 4,5 миллиард долларға жетті;
🔹Алтын-валюта резервтері 45,8 миллиард доллар болды;
🔹БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудан түскен инвестициялық табыс – 3,4 триллион теңге;
🔹Теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтылды.

Мемлекет басшысы инфляцияны тежеп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкімет макроэкономикалық саясатты үйлесімді жүргізуі қажет екенін атап өтіп, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.