Денсаулық сақтау саласында әлі күнге дейін бірыңғай электрондық жүйе жоқ
Депута Асхат Аймағамбетов осылайша Президенттің тапсырмасы орындалмай отырғанын айтады.
“Цифрландыруды 2023 жылы аяқтау уәде етілген еді, кейін бұл мерзім 2024 жылға созылды. Қазір міне 2025 жыл келді, бірақ әлі күнге дейін бірыңғай электрондық жүйе жоқ.
Министрлік мәселені электронды орталықты Цифрлық даму министрлігіне беріп, қайта өздеріне алып шешуге тырысқандай болды. Бірақ бұл мәселеде алдымен әдістемелік мәселелерді шешу, нақты бизнес-процестерді құру, анықтамалықтарды, регистрлерді әзірлеу керек”, - деді мәжілісмен.
Өз сөзінде депутат цифрландыру ісін шілде айында аяқтауды ұсынды. Әрі жасанды интеллектіні сатып алу, мониторинг және диагностикаға енгізу бастамасын көтерді.
Фото: aqmeshit-zhastary.kz