Отаншыл кадрларды басшылық лауазымдарға тағайындаймыз — Тоқаев
Алдымызда ауқымды міндеттерді келер бес жылда орындауымыз керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
Президенттің айтуынша, елімізге, ең алдымен, білікті және ел мүддесін ойлайтын отаншыл кадрлар керек.
— Дәл осындай мамандарды тауып, оларды басшылық лауазымдарға тағайындаймыз. Бүгін біз еліміздің 2024 жылғы даму нәтижесін қарадық. Қордаланған мәселелерді талқылап, алдағы міндеттерді айқындадық. Басты мақсат — азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Алдағы жоспардың бәрін сапалы орындау қажет. Сөз соңында тағы да атап өткім келеді: бізге нақты нәтиже керек. Нәтиже болса ғана даму болады, — деді Мемлекет басшысы.