Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы жөнінде: Әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже қажет

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы жөнінде: Әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже қажет

Премьер-министр Олжас Бектенов 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», - деді Олжас Бектенов.